Сақтандыру шарттары бойынша Білім беру жинақтау жүйесінің алғашқы мемлекеттік сыйақылары түсті
Қазақстанда алғаш рет өмірді сақтандырудың білім беру шарттары бойынша мемлекеттік сыйақысы түсті. Бұл – мемлекеттік білім беру жинақ жүйесін (МБЖЖ) дамытудағы маңызды қадам. "Nomad Life" өмірді сақтандыру компаниясы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлыбек Толықбаев азаматтар үшін бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні мен неге мұқият назар салу керек екенін айтып берді.
— Нұрлыбек Қуанышұлы, 2025 жылдың басында МБЖЖ шеңберінде алғаш рет өмірді сақтандыру шарттары бойынша мемлекеттік сыйақы есептелді. Бұл салымшыларға не береді?
– Бұл – еліміздегі білім беру жинақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Алғаш рет мемлекеттік қолдау тек банктік салымдар үшін ғана емес, сақтандыру бағдарламалары үшін де қолжетімді бола түсті. Жинақтаудың сақтандыру моделін таңдаған ата-аналарға бұл жүйе сенім мен жинақтарын ұлғайту мүмкіндігін береді. Енді өмірді сақтандыру компаниялары арқылы мемлекеттік білім беру жинақ жүйесіне қатысқандар қорын тиімді тәсілмен көбейте алады.
— МБЖЖ бағдарламасының мәні неде және оның қарапайым салымдардан айырмашылығы қандай?
— МБЖЖ 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол бастапқыда банктік депозиттерге арналып бағытталған еді. Дегенмен 2023 жылы ережелер өзгеріп, өмірді сақтандыру компаниялары жинақтаушы бағдарламаларды да ұсына бастады. Бұл ата-аналар үшін таңдауды кеңейтті. Енді сіз ақшаны жинап қана қоймай, қосымша қауіпсіздікке қол жеткізесіз.
Мысалы, біздің "NOMAD BOLASHAQ" бағдарламасы қаражат жинауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ата-ананы сақтандырып қорғауды қамтамасыз етеді. Дәстүрлі салымдардан басты айырмашылық та – осы. Егер ата-анасы бірдеңеге ұшыраса да, бала оқуына ақшаны ала алады.
— Мемлекеттік сыйақы қалай есептеледі және қатысушылар қандай табыс таба алады?
— Мемлекет сыйақысы жыл сайын есептеледі және жинақ сомасына қарай 5%-дан 7%-ға дейін болады. Кірісі АҚШ долларымен 4,1%-ға жететін сақтандыру компаниясында бағдарлама бойынша жалпы табыс жылдық есеппен 11,1%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл – ұзақ мерзімді жинақ тиімділігінің маңызды дәлелі.
— Нұрлыбек Қуанышұлы, бағдарламаның валюталық түрде екенін айтып өттіңіз. Бұл салымшыларға қалай әсер етеді?
— Барлық жарналар АҚШ долларына айырбасталады. Осылайша, жинақтар инфляциядан қорғалады. Бұл әсіресе баласын шетелде оқытуды жоспарлап жүргендер үшін өте маңызды. Сонымен қатар бағдарлама икемді болғандықтан ата-аналар төлем мөлшері мен жиілігін өздері анықтайды.
— Егер бала грантқа түссе, жинақтарды басқа нәрсеге жұмсауға бола ма?
— Иә, бұл – ата-аналарды толғандыратын басты сұрақтардың бірі. Егер бала грантқа түссе, мемлекеттік сыйақы мен инвестициялық табыспен қоса барлық жинақталған ақша отбасының иелігінде қалады. Оларды үй сатып алуға, бизнес ашуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға пайдалануға болады.
— "NOMAD BOLASHAQ" бағдарламасының негізгі артықшылықтары қандай?
— Қауіпсіздік, икемділік және мемлекеттен қосымша қолдау алу мүмкіндігі. Ата-аналар 3 жылдан 20 жылға дейін жарналар сомасын өзгертіп, тіпті қажет болған жағдайда төлемдерді тоқтата тұрып та қаражат жинай алады. Сондай-ақ олар автоматты түрде "Келешек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болып саналады. Сонымен бірге мемлекеттен бастапқы капитал: барлық балаға 60 АЕК және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 120 АЕК ала алады.
– Бағдарламаға қатысудың ең төменгі шегі қандай?
— Айына 10-15 мың теңгемен шағын жарналардан бастауға болады. Бұл бағдарламаны көп отбасы үшін қолжетімді ете түседі. Сонымен қатар бізде барлық төлемді бақылауға болатын ыңғайлы жеке кабинет бар.
– "NOMAD BOLASHAQ" іс жүзінде қалай жұмыс істейді?
— Нақты мысалмен талдап көрейік. Айталық, 5 жасар баланың ата-анасы ай сайын 40 000 теңге (шамамен 79,79$ ) салып отыр. 13 жыл ішінде жарналар 12 447$, инвестициялық табыс 2 955 $, ал мемлекеттік сыйақымен сома 20 562 $-ға дейін ұлғаяды. Бұл Қазақстанда немесе шетелде оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын елеулі капитал. Осылайша, бағдарлама қаражат жинауға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттен айтарлықтай қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.
– Сыйақының алғашқы түсімі МБЖЖ үшін маңызды кезең болды. Болашақта тағы не күтеміз?
– Біз бағдарламаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Мемлекеттік қолдау сақтандыру жинақтарына деген сенімді күшейтеді. Ал ата-аналар ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер туралы көбірек ойланып жатыр. Алдағы жылдары біз МБЖЖ қатысушыларын және Қазақстанда білім беру жинақтарын дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды көреміз деп ойлаймын.
— Нұрлыбек Қуанышұлы, МБЖЖ-ға қатысу мүмкіндігін енді ғана қарастырып жатқан ата-аналарға не ұсынар едіңіз?
— Сіздің мақсатыңыз балаңыздың білім алуына қаражат жинау болса, мүмкіндігінше ертерек қимылдау керек. Неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым көп кіріс алуға мүмкіндік бар. Мемлекеттік сыйақы – бұл жинақтау процесін одан да тиімді ететін нақты қолдау құралы. Ең бастысы, сенімді серіктесті таңдау және саналы түрде әрекет ету.