Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп екінші үйге айналған сәт: Bank RBK қолдауының арқасында Семейде жаңа білім ордасы ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Семей қаласында 800 оқушыға арналған бастауыш және орта білім беретін "SARYN INNOVASILYALYQ MEKTEBI" атты жаңа мектеп ашылды. Маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы Bank RBK қолдауының арқасында жүзеге асты. Банк жобаға тұрақты әрі уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етті. Жас отбасылар саны тұрақты түрде өсіп келе жатқан Семей үшін жаңа мектептің ашылуы маңызды оқиға болды. Қала тұрғындары мен өңірдің білім беру қауымдастығы да бұл жаңалықты қуана қабылдады. Бүгінде 295 балаға арналған бірінші корпус пайдалануға берілген. Ал екінші корпусты жаңа оқу жылының басында ашу жоспарланып отыр.

Жаңа мектептің ашылуы Семей қаласының білім беру кеңістігіне тың серпін беріп отыр. Ата-аналар балаларын заманауи әрі қауіпсіз ортаға алып келу мүмкіндігіне ие болса, педагогтер өз әлеуетін толық жүзеге асыра алатын орынды тапты. Ал оқушылар алғашқы бағаларын алып үлгерді.

ТОО "Qazaq Education Line" жүзеге асырған жоба әр деталіне дейін мұқият ойластырылған: жарық дәліздер, кең сыныптар, заманауи жабдықталған оқу орындары мен білім алу үшін ыңғайлы орта қолжетімді. Бұл мектеп білім беретін орын ретінде ғана емес, баланың күнделікті өмірінің бір бөлігі ретінде де ойластырылып салынған. Себебі балаға ерекше назар аудару әркез маңызды. Аумақта спорт аймақтары, демалыс орындары және ұзартылған күн режиміндегі кабинеттер де қарастырылған. Мұнда балалар үй тапсырмасын мұғалімдердің бақылауымен орындауға мүмкіндік алады. Бұл формат оқушыларға оқу материалын жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ал ата-аналарға баланың кешкі тапсырмаларына алаңдамауға мүмкіндік береді.

Bank RBK үшін осындай жобаларға қатысу елдің болашағын көре білу идеясының бұрыннан бері маңызды бөлігіне айналған. Банк балаларға арналған оқу инфрақұрылымын қоғамға ұзақ мерзімді пайда әкелетін инвестиция деп есептейді. Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева Семейдегі мектептің ашылуы банк үшін ерекше әрі шабыттандыратын оқиға болғанын атап өтті.

"Біз әрдайым адамдарға нақты көмек беретін және өмірді жақсы жаққа бұратын жобаларға қуана қатысамыз. Ал білім беру саласына келгенде өзімізді екі есе жауапты сезінеміз. Себебі мектеп – жас ұрпақтың мінез-құлқы қалыптасатын, алғашқы армандары мен өмірлік бағдарлары туатын орын. Серіктестерімізге сенім мен тамаша ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл заманауи мектептің ашылуы қала мен облыс үшін ғана емес, барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай жобалар әлеуметтік жауапкершілік тек сөзден емес, күнделікті істен тұратынын көрсетеді. Ол балаларға, олардың отбасыларына және айналамыздағы адамдарға пайда мен жағымды сезім сыйлауға тиіс", – деп атап өтті Наталья Евгеньевна.

Айта кету керек, мектептің ашылуы қалаға балалар үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлап қана қоймай, сонымен қатар педагогтар, әкімшілер және техникалық қызметкерлер үшін шамамен 60 жұмыс орнын ашады. Қызметкерлер үшін бұл тұрақты табыс көзі. Ал өңір үшін кадрлық әлеуетті нығайтуға және бюджетке салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Qazaq Education Line командасы инвесторды таңдауда оның тәжірибесін, жылдам әрекет ету қабілетін және әрине, қаржы институтының сенімділігін мұқият бағалап, шешім қабылдады. Нәтижесінде таңдау қайтадан Bank RBK-ға түсті. Бұл бір ғана бірлесіп жүзеге асырылған жоба емес және серіктестер атап өткендей, дәл Bank RBK жобаны еш кідіріссіз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды ұсынады.

Мектеп басшысы жұмыстың тығыз байланыста жүргізілгенін және барлық мәселелердің жылдам әрі кәсіби түрде шешілгенін атап өтті.

"Қаржы серіктесін таңдауда біз аса мұқият болдық. Өйткені бұл мектептің құрылыс мерзімдері мен сапасына тікелей әсер ететін мәселе еді. Соңында қайтадан Bank RBK-ны таңдадық және бұл шешім толық ақталды. Банк командасы жобаны зор құрметпен, мұқият және жауапкершілікпен қабылдады. Қандай да бір кезеңде белгісіздік немесе бюрократиялық кедергілерді сезінген жоқпыз. Қолдау нақты, уақытында және тиімді болды. Мектепті ашуға дейінгі жолда бізге көмектескен барлық мамандарға шын жүректен алғыс айтамын", – деді Qazaq Education Line компаниясының басшысы Гүлмира Қожаханова.

Семейдегі жоба жеке бизнес пен қаржы институттарының бірігіп, маңызды әлеуметтік инфрақұрылым құра алатынын көрсететін тамаша үлгі болды. Bank RBK пен Qazaq Education Line болашақ ұрпақ үшін іскерлік серіктестік шынайы тиімді әрі сыйлы бола алатынын дәлелдеді.

ҚНРДА берген 05.04.2021 ж. № 1.2.100/245/41 лицензиясы

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Қаңтар, 2026 09:00