Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған
Әдетте 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылдап жатады. Ал, Жансаяның әкесі 5 жасар қызын мектеп басшысы қалай қабылдағанын айтып берді.
Бір айлық жазғы демалыстан 30 қыркүйек күні қалаға келіп жеттік. Қаладағы үйге орналасып, болғанымыз осы еді алғашқы қоңырау 1 қыркүйек те келіп қалды. Үйіміздің алдында терезеден қарасақ мектеп формасын киген балалардан мектеп ауласы гүлге оранған қызыл алаңға ұқсап тұр. Қызым екеуміз терезеден қызығып қарап тұрмыз. Қызымның жасы әлі бесте болатын. Қыркүйек айының соңына алтыға толады. Мектеп шарты бойынша бала мектепке қабылдану үшін алты жасқа толу керек екен. Содан не керек, қызымызды бірінші сыныпқа жіберу мәселесі артта қалды.
Сол күні уайым қысты, ауылдан шығарда анамның «қызыңды мектеп не нулевой сыныпқа бер» деген сөзі құлағымда шыңылдап тұр. Баламды мектепке берсем ба, жоқ әлі ерте ма екен деп әйеліммен ақылдастым. Ол да «бала қиналып қалмай ма?» – деді. Дегенмен қыз баласы ғой, ертерек мектепке берсек, өзімізге жақсы ғой. Кім біледі әлі он екі жыл оқиды деген ойлар да келіп қояды. Енді міне екі ой арасында тұрмын. Түнде Алладан жәрдем тілеп екі ракағат намаз оқып, екі ойдың жақсысына шығаруды сұрап дұға еттім.
Таң ата қызымнан мектепке барғысы келетін-келмейтінін сұрадым. Ол бірден баратынын айтты. Жаңадан алған спорттық киімі болатын соны үстіне киіп алып үйден шықтық. Жаз бойы өзіміздің дайындалған материалдарымыз бар еді, олардың барлығын бір бума қылып салып алдым.
Мектепке кіріп едік, бізді бірден бастауыш сыныптарының меңгерушісіне жіберді. Ол кісіге кіріп, мән жайды түсіндіре бастадым. Бірақ мектепке алтыға толмаған балаларды қабылдай алмаймыз, – деген жауаптан басқа нәрсе естімедік.
Қызымның жігері жаншылатын болды деген ой мазамды алды. Оның алдында өзімді ыңғайсыздау сезініп тұрмын. Кішкентай кезде мектепке бара алмай қалған балаларға ата-анасы «қорықпа әлі жетіп аласың» деп айтушы еді. Сондай жағдай бола ма деген ой келе берді. Сонда да, қызым екеуміз енді мектеп директорының алдына кірдік. Мектеп басшысы қызымнан есімін, жасын сұраған соң бір тақпақ айтып беруін өтінді.
– Ал, қане енді маған бір жаттау айтып берші, орныңнан тұр, тұрып айтсаң жақсы естіледі – деді мектеп басшысы. Содан соң «Аю отыр партада шығар?» деп демін ішке тартқанда мысқылдың сыңайы байқалды.
Қызым маған қарап, «не айтамын?» дегендей миығымен басын изеді. «Аю отыр партада шығар?» дегенін естіген соң оны барлық бала біледі, ал біз ерекше тұспен келейік деген ниетпен:
– Ал қызым, апайға құран оқып берші, – дедім.
– Бисмилләһир рахманир рахим. Қул һуааллаһу ахад …, – деп Жансұлу қызым «Ыхылас» сүресін оқып берді.
– Әй, мынау керемет қой, Құран сүрелерін оқып жаттап жүрген қызға бірінші сынып бағдарламасын игеру қиын емес шығар? – деп мектеп басшысы таңқылысып жатты.
“Содан соң бастауыш сынып меңгерушісіне қоңырау шалып, «қазір Сізге бір қыз баласы әкесімен барады, қыздың құжаттарын қабылдап, ертеңнен бастап партаға отырғызыңыз. Ата-анасынан бала оқу бағдарламасына үлгеріп отыратындығы туралы қол хат алыңыз» деп тапсырма беріп жатты. Мен де ішімнен «Аллаға шүкіршілік» айтып, қуанып отырмын. Қызымның жүзінен де қуаныш сезіліп тұр. Екеуміз қуанып бөлмеден шықтық. Директордың кабинетіне ең жақын орналасқан акт залы бар екен, сонда кіріп сәжде жасап Аллаға мадақ айттым. Осылай истихара намазының жауабын алдық”, – дейді әкесі.
Жандос Абумуталифұлы