Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп асханаларын ескертусіз келіп тексереді

асханаФото: freepik.com

Мектеп асханаларын келесі жылдың басынан бастап ескертусіз тексеру жоспарланған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарлағандай, кәсіпкерлерге инспекторлардың келуі туралы хабарламаны алып тастау шарасы қазір сенаторлардың қарауында жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Кенеттен келу принципі енгізілуде. Яғни алдағы жоспарлы тексерулер мен жоспардан тыс тексерулер туралы хабарламаларды алып тастаймыз. Аяқ астынан келіп тексереміз", – дейді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Гүлшарат Қожатова.

Комитет күтпеген жерден тексеру жаппай улану қаупінің алдын алуға және мектеп асханаларында тамақтану сапасын арттыруға көмектеседі деп есептейді. Әзірге инспекторлар тексеріспен алдын ала хабарлаған ұйымдарға ғана бара алады. Сонымен қатар жағдайды қазірдің өзінде ата-аналар бақылай алады. Ол үшін мектеп директорын ескертіп, бастамашыл топ құру жеткілікті. Алайда балаларға мектепте ұсынылатын тағамдар ұнайтынын асхана қызметкерлерінің өздері бақылай бастайды. Қазақстанда тамақтанбаушылық индексі енгізілуде.

"Тамақтанбаушылық индексі – балалардың тәрелкелерінде қанша қалдық қалатынының көрсеткіші. Егер желінбеген тамақ көрсеткіші 30%-дан жоғары болса, бұл дереу мәзірді түзету қажет екенін білдіреді", – дейді Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 09:51
Талқылау