Мексикалық жезөкшелер қартайған кезде немен айналысатынын білесіз бе?
«Каса Сочикецаль»- Мехикодағы мемлекеттік мекеме, онда қартайған жезөкшелер өмірінің соңғы жылдарын өткізеді. Бұл жерде әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққандар,қара басын асырай алмайтын жағдайдағы бұрынғы жезөкшелер тұрады. Оларға тегін тамақ, тегін медициналық жәрдем мен жатын жай берілген.
Бұл туралы Daily Mail жазды.
Мұндай «түнгі көбелектер» азаматтық құқықтары жайлы біліп,өзін-өзі бағалау бойынша сабақтар оқиды. Тіпті жезөкшелік кезінде алған жарақаттары болса соны емдеп жазуға үйретіледі.
Лучита- «Каса Сочикецаль»-дің тұрғыны. Кезінде жезөкшелікпен айналысқан әйел қазір осында тегін тамақтанып, осы жерден тегін жатын жай алған.
Норма Анхелика да осы мекеменің тұрғыны. Бұл жерді пана тұтқан әйел жасының қартаюына байланысты қазір жұмыс істей алмайды. Тіпті жанын бағуға шамасы жоқ десек болады.Бұл мекеменің тұрғындарының барлығы дерлік психологиялық жарақат алғандар.
Элия өткен өмірін ұмыту үшін қуыршақтармен сөйлеседі.
Мұндағылар көбінде психологиялық қолдау мен сабақтарға зәру. Оларға осы сала мамандары тынбай көмек қолын созады. Мақсат: олар қартайған шағында тыныштықта, өзін-өзі адам сезініп өмір сүрулері керек.
Мехикодағы жезөкшелер өмір бойына жұрттың кемсітуі мен өзгенің қысымында болғандар.
Бұл қоғамдық ұйым өкілдері күн сайын құдайға құлшылық етеді. Олар тұрғындардың психологиялық, физикалық, моральдық тұрғыдан өздерін жақсы сезінулеріне көмектеседі екен.
Хуанита өзінің жаң баспанасында алаңсыз шашын бояп отыр. Ол көшедегі бассыздық пен кемсітулерден әбден шаршағанынайтады.
Мұндағылар кәсіби мамандардың көмегін алғаннан бөлек бір-біріне демеу болуға тырысады екен.
Орталықты ұйымдастырғандардың мақсаты, психологиялық тұрғыда қажыған азаматтарға өмірінің соңына таман қуаныш сыйлау.