Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикадағы жаппай тәртіпсіздіктер: Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: Желі кадрларынан скрин

Сыртқы істер министрлігі Мексикада жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, қауіпсіз жерлерде болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, қазір бұл елде кемінде 35 Қазақстан азаматы бар.

Министрлік Мексикадағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырғанын және ондағы қазақстандықтармен байланыста екенін мәлімдеді.

"Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытып, қауіпсіз орындарда болу ұсынылады", – делінген жауапта.

Мексикада елдегі ең ірі есірткі картелі басшысы Эль Менчо өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды.
Ондаған жылдар бойы Эль Менчо Мексиканың есірткі саудасындағы негізгі тұлға болып саналды және бірнеше рет қауіпсіздік күштерімен тікелей қарулы қақтығыстарға қатысты.



Оның өлімінен кейін Мексиканың кем дегенде тоғыз штатында қақтығыстар болды. Картель қаза тапқан әрбір полицей немесе сарбаз үшін сыйақы ұсынған.

Халиско штатында төтенше жағдай жарияланды. Кейбір аудандарда қоғамдық көлік тоқтатылды.
ФИФА әлем чемпионатын өткізуі тиіс жерде өрт болды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 17:34