Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меккеге апарамын деп уәде еткен: Түркістан облысында 30 шақты тұрғын алаяқтың құрбаны болды

Түркістан облысының тұрғындары Меккеге апарамын деп уәде берген алаяқтың құрбаны болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

қылмыстық топ

Полицияға Сайрам ауданының тұрғыны жүгінді. Ол 2022 жылдың қазан айында қажылыққа 10 күндік Меккеге сапары үшін 423 мың теңге төлеген. Жолдама бағасына ұшақ билеттері, қонақүй және тамақ кіруі тиіс еді. Бірақ алаяқ ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған.

Күдікті Алматыда ұсталды. Ол Жетісу облысының тумасы екені анықталды.  Сайрам ауданының 30-дан астам тұрғыны оның құрығына түскен. Келтірілген залалдың жалпы сомасы – 11 млн теңге.

"Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің алаяқтықтың 14 фактісіне қатысы бар екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Умраға апарамын деп алдаған “Кәусар трэвел” басшысы ұсталғаны хабарланды.

Талқылау