Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мекке тұрғыны желіде порновидео жариялап келген

Сауд Арабиясының билігі әлеуметтік желілерде бірнеше жыныстық суреттер мен бейнежазбаларды жариялаған жас әйелді ұстады.

Бұл туралы Сауд Арабиясының Okaz басылымын сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Исламның құндылықтары мен қоғамдық моральдық құндылықтарына» қатысты материалдарға  бірнеше интернет қолданушылары наразылық көрсеткен. Полицияның айтуынша, олар биліктегілерге осы әсеркетке қарсы шұғыл шара қолдануды сұрап отыр.

Тергеу кезінде, парақша иесі 20 жастағы жас әйел екені анықталды. Қызды тұтқынға алғаннан кейін, ол шын мәнінде Ламия деп аталатын лақап парақша құрғанын мойындады.

«Жас қызды әрі қарай тергеу жұмыстарымен және оған қарсы қандай  шаралар қолданылатынын прокуратура шешеді», – деп түсіндірді әкімшілік ауданның полициясы.

Полицияның мәліметтері бойынша, отбасы мүшелері қыздарының әлеуметтік желілерде суреттер мен бейнелер жариялап келгенін білмеген.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының заңдарына сәйкес, əдепсіз мінез-құлық көрсеткен əйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жіберіп алмаңыз:

Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысы өз туған күнінде қайтыс болды 

Әйел итімен бір күнде қатерлі ісікке шалдықты: олар ауруды бірге жеңді 

Ан-148 ұшағы құлаған жерде түсірілген алғашқы видео пайда болды (видео) 

Мәскеу түбінде жолаушылар мінген ұшақ құлады 

 

Талқылау