Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мединадан эвакуацияланған қазақстандықтардың алғашқы легі мінген ұшақ Атырауға қонды

Мединадан эвакуацияланған қазақстандықтардың алғашқы легі мінген ұшақ Атырауға қонды

Фото: Atyrau Today

Сауд Арабиясына он күн бұрын қажылыққа шыққан қазақстандықтардың алғашқы легі мінген ұшақ Атырауға қонды. Олар 28 ақпанда Таяу Шығыста әскери қимылдар басталғандықтан елге орала алмай қалды. Ұшақта барлығы 200 адам болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrau Today-ге сілтеме жасап хабарлайды.  

Бүгін күндіз қажылыққа кеткендерді алып келу үшін Air Astana әуе компаниясының төрт ұшағы жөнелтілді: олардың үшеуі Атырауға, біреуі Ақтауға қонады. Ұшақта барлығы 200 адам болды.

Қажылыққа кеткендердің арасында Алматы, Шымкент, Астана және елдің басқа аймақтарының тұрғындары бар. Тіркеу рәсімінен өткеннен кейін олар дереу өз қалаларына жолға шығады. 


Air Astana қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау үшін төрт рейс орындауға дайын


Жолаушылардың өз сөздеріне сенсек, Мекке, Жиддә және Мединада жағдай тыныш, адамдар арасында дүрбелең байқалмаған.

Бұған дейін Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілгенін жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 08:27