Медициналық сақтандыру жүйесінде әр азаматқа жеке жинақтау шоты ашылмақ

Фото: Ru.freepik.com
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын әр тұрғынға жеке жинақтау шоты ашылуы мүмкін. Бірақ арнайы шотқа жалпы аударылған жарнаның азғантай ғана бөлігі түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шотта жинақталған ақшамен сақтандыру жүйесіне кірмейтін қызметтер ақысын төлеуге болады.
“Азамат МӘМС-ке қаражат аударса, сол аударған қаражатының 15 пайызын арнайы қорға жіберіп отырсақ және азамат сол ақшасын, арнайы қорға аударған ақшасын стомотология басқа да бір медициналық қызметтерді алуға пайдаланса”, – дейді депутат Нартай Сәрсенғалиев.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халық пен депутаттардың ұсынысы ескеріле отырып әр азаматқа жеке жинақтау шотын ашу жоспарланып отырғанын айтты.
“Үкімет тарапынан тиісті қорытынды беріліп отыр. Негізі концептуалды түрде норманы біз қолдаймыз. Қажет норма. Себебі, бұл азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін одан әрі арттырады деп күтілуде”, – деді министр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген