Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбір қазақстандықтар МӘМС жарналарын көбірек төлейді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті медициналық сақтандыру жарналарының мөлшерін қайта қарау мәселесі бойынша пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Оның айтуынша, бұл ұсынысты қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі қолдап отыр.

"Бізді Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі қолдады, 2027 жылдан бастап мемлекеттік жарналарды әр екі жыл сайын 0,5%-ға біртіндеп арттыру жоспарланып отыр. Бұл қадам Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған. Мұндай өзгеріс бюджетті көбейтіп, медициналық қызметтердің ауқымын кеңейтуге, тарифтер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді", – деді Әлназарова.


2025 жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді


Халықтың көпшілігі үшін сақтандыру жарналарының мөлшері өзгеріссіз қалады. Алайда жалақысы 850 мың теңгеден жоғары азаматтар үшін төлем мөлшері ұлғаяды.

"Ұсыныс бойынша, жарналарды пропорционалды түрде көбейту ұсынылады: егер адам айына миллион теңгеден көп тапса, ол 2 пайыздың орнына 1,5 пайыз төлейді, ал 500 мың теңге табысы бар адам толық 2 пайыз төлейді. Қазір жалақы жоғары болған сайын, жарна мөлшері пайыздық қатынаста төмендейді. Денсаулық сақтау министрлігі жарналардың жоғарғы шегін ұлғайтуды ұсынады. Қазір ол 10 ең төменгі жалақыға шектелген, бірақ оны 5 есеге ұлғайтып, 50 ең төменгі жалақыға дейін көтеру ұсынылып отыр. Бұл өзгерістер 850 мың теңгеден жоғары табысы бар халықты қамтиды, бұл ресми деректер бойынша жұмыс істейтіндердің шамамен 9%-ын құрайды", – деп қосты Альназарова.

Еске салсақ, осыған дейін медициналық сақтандыру қоры шығындардан құтылу үшін комиссиялық мөлшерлемені арттыратыны туралы жазғанбыз.

Талқылау