Медбике Оңтүстік Қазақстанда шекарадан өту үшін жалған құжаттар сатқан
Сыбайластар сатылымға алдын ала дайындап қойған мөр басылған құжат үлгілерін тәртіп сақшылары тауып алды.
Түркістан облысында ІІМ тергеу департаментінің әскери-тергеу бөлімі медициналық құжаттарды қолдан жасау және сатумен айналысқан үш адамның іс-әрекетінің алдын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Медбикенің екі сыбайласы болған. Ұсталғандар қазақстандық медициналық мекемелердің жалған анықтама-шақыруларын жасап, кейіннен оны 3-8 мың теңгеге сатқан. Жалған құжат мемлекеттік қызмет шекарасынан, сәйкесінше медициналық мекеменің шақыруы бойынша тиісті қызметтерді алу үшін, сондай-ақ шетелге шығуға мүмкіндік берген.
"Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту кезінде алдын ала мөр басылып, сатылымға дайындалған 1266 медициналық қағаз үлгілері тәркіленді. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп қосты министрлік өкілі.
Күдіктілерді 4 мың АЕК (1,6 млн теңге немесе 27,5 мың доллар) көлемінде айыппұл болмаса төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу түрінде қарастырылған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды