McDonald's-тың экс-жұмысшысы клиенттерді қалай алдағандарын айтты
McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің бұрынғы жұмысшысы клиенттерді алдап, тамақтың аз бөлігін қалай ұлғайтып көрсеткен құпияларын айтты.
Бұл туралы Reddit хабарлайды.
Сөйтсе қаптамадағы картоп фриін көп қылып көрсететін әдіс бар екен. Мұны тұтынушылар мүлде байқамаған. Бұрынғы фастфуд қызметкерінің айтуынша, картоппен толтырып жатқан кезде қаптаманы қалай сығымдау керектігін үйренген. Сол кезде қорапшаның іші картопқа толып тұрғандай болып көрінеді.
“Онымды тек бір клиент ғана байқап қойды. Ол фриді қорапшадан алып, қайтарып берді. Сосын оған көп қылып салып беруге тура келді”, – дейді ол.
Дегенмен танымал фастфуд өнімінің өкілдері аталған ақпаратты жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз:
Полицейлерден қашып мұхитта жүзген жігіт акулаға тап болды (видео)
Ақшаны оңды-солды шашпайтын 12 танымал тұлға (фото)
Итті құдай көретін мяо халқы оған ерекше құрмет көрсетті
Қытайлық әйел көшеде босанып алып, әрі қарай жұмыстарымен кете барды (видео)