Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

McDonald's-тың жаппай жабылуы Боранбаевтың қамауға алынуымен байланысты ма – Министр жауап берді

17 қарашадан бастап McDonald's Қазақстандағы барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мейрамхана желілерінің иесі Қайрат Боранбаевтың қамауға алынуымен байланысты емес пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жоқ, бұл соншалықты маңызды емес деп ойлаймын. Ол акционер ғой... айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймын",  – деді Жұманғарин үкімет үйінде.

Оның айтуынша, мейрамханалар желісінің жабылуы жеткізу желілерін қайта құрумен байланысты. Мейрамхана бұған дейін өнімнің басым бөлігін импорттаса, енді министрлік жергілікті қамту үлесін арттыруға көмектеседі.



"Әлбетте, елімізде шығарылған өнімдер болды, "Байсеке Агро" тоқаштары шығарылды. Сондықтан қазір қайта құру процесі жүріп жатыр. Әзірге біз басшылыққа Сауда министрлігінен қандай көмек қажет екенін айттық және мен техникалық реттеу комитетіне сертификаттауға оны тез арада орындауға тапсырма бердім", – деді Жұманғарин.

Қайрат Боранбаев – қазақстандық ірі кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы: Боранбаевтың қызы Назарбаевтың немересі Айсұлтанға тұрмысқа шыққан. Боранбаев Esentai Mall және Esentai Tower акцияларына иелік етеді. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланады. Ол 2022 жылдың наурыз айында қамауға алынған.

Талқылау