Мбаппе “Қайратқа” қарсы ойында жарақат алғанын хабарлады

Мадридтің "Реал" клубының жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен "Қайратқа" қарсы матчтан кейін жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ondocero радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Альберто Перейроның айтуынша, Мбаппе матчтың екінші таймында тобығын созып алғанымен, кездесуді соңына дейін жалғастырған. Кейін ол "Вильярреалға" қарсы ойында да алаңға шыққан. Алайда сол ойыннан кейін шабуылшы тобығындағы ауырсынуға шағымданған.
Осыған байланысты Килиан Мбаппе командамен бірге толық жаттығуларға қатысқан жоқ. Қазір футболшы жеке тәртіпте қалпына келтіру жаттығуларын жасап, медициналық ем қабылдап жүр.
Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыда өткен матчта "Қайрат" өз алаңында "Реалды" қабылдаған еді. Матчтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойын барысында Килиан Мбаппе 3 рет гол соғып, хет-трик авторы атанды. Сонымен қатар Эдуарду Камавинга мен Браим Диас та бір-бір голдан соқты.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді

