Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды
Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
“Растаймыз, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді”, – деді агенттік өкілдері.
Еске салайық, Нұржан Әлтаев президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған еді. Алайда кейін кандидат жалған құжаттар ұсынды деп айыпталған. Ал “Мұқалмас” республикалық қоғамдық бірлестігі президент сайлауына ешкімді кандидат ретінде ұсынбағанын мәлімдеді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті