Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі: Сенатта президенттік квота саны қысқартылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатына Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізу дұрыс деп санаймын. Демек, Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сондай-ақ, президент Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілістегі квотасы сенатқа ауысып, депутаттар саны қысқаратынын айтты.
"Парламенттің төменгі палатасы кез-келген адамға жасанды преференциялар бермей, елдің бүкіл электоралдық ландшафтын көрсетуі керек. Осылайша, біз мәжілістегі ҚХА квотасын алып тастаймыз. Меніңше, бұл шешім саяси және заңды тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа ауыстырылады және 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылады. Тиісінше, мәжілістегі депутаттық орындардың жалпы саны азаяды",- деді Президент.
Бұнымен қоса Тоқаев сенатты қалыптастыру және бірқатар қызметін қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта жоғары палата әрбір өңірден сайланатын 2 сенаторды және Президент тағайындайтын 15 депутатты қосқанда 49 сенатордан тұратындығын айтты. Мұндай құрылым өңірлік ерекшеліктерді ескеруге және мемлекет басшысына заңшығармашылық процесіне тікелей ықпал етуге мүмкіндік бергенін баса айтты.
"Дегенмен, бүгінде алға қарай ілгерілеуіміз қажет. Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентті әлсіз ұсынылған әлеуметтік топтардың дауысы мен пікірін ескеру тетігі ретінде қарастыру керек. Сондықтан мен Сенаттығы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым. Оның үстіне олардың 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылатын болады", - деді Тоқаев.