Мәжіліс депутаты сүрілу керек болған үйдің ипотекаға сатылып кеткенін айтып шағымданды
Фото: Мәжіліс отырысынан
Алматыдағы "Швейцария" тұрғын үй кешені бойынша мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек шағымданды. Оның сөзінше, "Отбасы банк" сот шешіміне қарамастан сүрілу керек болған үйге ипотека берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бақытжан Базарбектің тұрғын үй кешендерін бұзу туралы сот шешімі шыққанына қарамастан, кейбір үйлер әлі сүрілмегеніне таңғалып отыр. білдірді.
Сонымен қатар депутаттың сөзінше, Отбасы банкі осындай кешендердің бірінде азаматтарға ипотека беруді жалғастырған.
Сөз "Швейцария" тұрғын үй кешені туралы болып отыр. Кешенде 150 пайданушы зардап шеккен. Бес қабатты тұрғын үйлер "бау-бақша жүргізу" мақсатындағы жер теліміне салынған және құрылысқа рұқсат құжаттары болмаған.
Мәжіліс депутаты атап өткендей, Алматыда осындай жағдай 20 тұрғын үй кешенінде тіркелген.
"Құрылыс салушыға қатысты қылмыстық іс 2022 жылы қозғалған, ал 2023 жылы "Швейцария" тұрғын үй кешенін сүруге жіберу туралы сот шешімі шыққан. Бірақ Отбасы банкі сол уақытта да азаматтармен келісімшарттар жасап, кешеннен пәтер сатып алу үшін несие берген. Бұл әрекеттерден 50-ден астам азамат зардап шекті. Қазір банк қызметкерлері неге тергеу изоляторында емес?" – деп наразы болды депутат.
"Жабайылар": Алматылықтар тарихи мектептің сүрілуіне қарсы шықты
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік осал топтарға берілген үйлердің қирап жатқаны жайлы сұраққа ашуланды. Ол журналистің дәлелсіз айыптау жасап отырғанын айтып, тұрғындардың үйлеріне қанағаттанатынын және кей нысандарды мемлекет басшысы да көргенін айтты. Әкім кей үйлердің әлі қоныстанбағанын, ал тұрғындарды жыл соңына дейін тарату жоспарланып отырғанын, үйлер сапалы әрі ыңғайлы екенін атап өтті. Сонымен қатар өңірде 2025 жылы 750 пәтер сатып алынғанын және құрылыс қарқыны жоғары екенін жеткізді.
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі