Мәйіттерді зорлап, видеоға түсірген: Алматыда күзетшіге қатысты сот басталды
Алматыда мәйіттерді қорлады деп айыпталған 44 жастағы морг күзетшісі Александр Беляевке қатысты сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/kozachkow
Күдікті 2024 жылдың сәуір айында ұсталған еді. Ол өз смартфонын кепілге қою үшін ломбардқа барған, ломбард қызметрі телефонның ер адамның өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұраған. Осы кезде телефоннан өлген адамдардың фотолары мен видеолары шыққан. Ломбард қызметкерлері бірден полицияға хабарласқан.
Кейіннен күдіктінің мәйітханамен келісімшарт жасасқан күзет компаниясының қызметкері екені анықталды. Арада 8 ай өткенде Беляевке қатысты тергеу аяқталды.
Kozachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, күдіктіге қатысты іс "марқұмдардың денесін бірнеше рет қорлау" бабы бойынша қаралады. Сондай-ақ тергеу барысында ер адамның бұл әрекеттерді ес-түссіз күйде жасағаны анықталған.
Еске салсақ, 2024 жылдың сәуірінде Алматыда мәйіттерді зорлап, оны видеоға түсірген мәйітхана күзетшісі ұсталғаны туралы жазған едік.