Мәйітін өртейтін кезде әйел адам "тіріліп" кетті
Таиландта мүрдесін өртеуге бірнеше минут қалғанда әйел адам тіріліп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 қазан күні дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан Финидж Сопаджорнның көз жұмғанын айтты. 70 жастағы әйел үш күн бойы суық жерде тұрған табыттың ішінде жатқан.
Әйелдің мәйітін өртемес бұрын оның күйеуі Тавин Сопарджорн оның денесін жуған. Ол сол кезде жұбайының денесінің сіресіп қатып қалмағанына таңқалған. Сондай-ақ, Тавин жұбайының әлсін тыныстап, кірпігінің қозғалып жатқанын байқағандай болған. Әйел адам ауруханаға жеткізілді.
«Әйелімнің жағдайы қатты ауыр. Ол қайтадан өзіне келеді деп ойламаймын. Бірақ ол тірі, оның өлетін уақыты келмеді. Егер оны тірі бола тұра өртеп жіберсек, бұл жаман болатын еді», - деді жұбайы Финидж.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"