Майғазиев тағы да балалы болуды армандап жүр
Сәкен мен Динара Майғазиевтер бүгінде үш баланың ата-анасы. Әншінің бір ұл мен екі қызы бар. Майғазиевтің ұлы Әділет бүгінде ер жетіп, әншінің нағыз атұстарына айналса, Раяна мен Мәриям есімді ханшайымдар әлі бүлдіршін, деп хабарлайды Stan.kz.
Жүрген жерінде таныс болсын, бейтаныс болсын, балалармен суретке түсіп, желіде жариялап жүретін Майғазиев өзге балаларға да мейірімді. Ол, тіпті, кішкентай бүлдіршіндермен түскен суреттерін арнайы #СәкенБалалармен хэштегімен белгілеп жүреді. Кеше әнші Мәдина Сәдуақасованың жеке концертіне жұбайымен бірге барған. Майғазиев тағы да ұлды болғысы келетінін жасырмады. Айтуынша, концерт барысында Мәдинаның ұлы Әнуар Майғазиевтің жарынан айырылмапты. Бұл туралы әншінің өзі:
«Сәкеннің жұбайы тағы бір ұл тапсын, әумин…” деп қойыңыздаршы. Олжас пен Мәдинаның Әнуары Динарадан айрылмай қалмасы бар ма. Әбден жұмысқа салған-ау, 1 сағат жұбайымның алдында мызғып алды», – деп жазды.
Желі қолданушылары әншінің арманының орындалуына тілектестік білдірді.
«Бала да жақсы адамды біледі дейді. Тағы да ұлды болыңыз егіз», «шекесі торсықтай ұлды болсын», «Жұма күні тілегіңіз қабыл болсын», «Әумин, көптің тілеуімен берсін», «Әумин», – деп ақ лебіздерін арнады желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев: Жанболатқа арқа сүйеп талай жігітке доқ көрсеттік
Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді
Сәкен Майғазиев ұлы мен өзінің студент шағындағы суретін көрсетті (фото)
Майғазиев: Өз қандастарымыздың ұрпақтарын өзекке тебетініміз өкінішті
Жұбайынан айырылған Абай Бегей жан-жарасы туралы айтып берді