Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды
Жастардың жаңашылдыққа ұмтылысын жақсы бағалайтын, бірақ шаштарын бағдаршамдай түрлі-түске бояйтындарды ұға алмайтын Сәкен Майғазиев жан айқайын әзілмен жеткізді. Әнші шашын бояп, сырға тағатындарға арнап анекдот шығарыпты.
Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасы хабарлады.
«Жақында өзім әзіл ойлап таптым. Іштей өз-өзіңмен сөйлесетін кездер болады ғой. Панк дейміз, құлақтарына, мұрындарына сырға тағып, көздерін қызша бояп, шаштарын жасылға, сарыға, қызылға бояп жатқан жастарымызды көрген кезде бір ата сұрапты:
– Мына оңбағандарға айтатын біреу, ата-анасы жоқ па ұрсатын? – десе, екіншісі:
– Ата оны әке-шешелері танымайды ғой, – депті.
Түрлерін танитындай жағдайда емес шын мәнінде”, – дейді Сәкен.
Балаларына ғана емес, қоғамдағы жастарға да дұрыс тәрбие беруді көздейтін әнші ел ертеңі үшін қатты алаңдайды.
«Адам танитындай, мейірлене құшақтайтындай, сүйетіндей, ата-аналары қалай жақсы көретінін мен білмеймін. Қалай оларға үйретпейтінін, менің жүрегім ауырады. Өзім үшін емес, ұрпақтарым үшін. Ертең кішкентай өскелең ұрпақ мұндай ағымдарға тез ілесіп кетуі неғайбыл? Мен таңғалмаймын. Көзім тірі болса, бала-шағамды тәрбиелеймін. Ал мен өліп кетсем ше? Онда не болады? Менің балаларымды кім тәрбиелейді? Сол жағы мені қатты уайымдатады», – дейді Майғазиев.
Жіберіп алмаңыз:
Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі
Шоу-бизнестегі тренд: Түсіпбаева сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)
2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)