Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат басшысы елімізде коммуналдық қызмет тарифтерін өсіру керегін айтты

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды.

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.



Бұған дейін тариф бағасының өскеніне ашуланған азамат бір айда электр қуатына 52 мың теңге төлегенін айтқан еді.

Талқылау