Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген оң көзінен айырылып қала жаздады

Кеше беделді кәсіпкер, сондай-ақ мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген серіктесімен сквош ойнап жатып көзін зақымдап алды. Соның салдарынан кәсіпкердің оң көзі көрмей қалып, ол  жедел түрде 12-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қайрат Құдайберген

Бұл туралы кәсіпкер өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Мені 12-ші қалалық ауруханаға әкелді. Ондағы кезекші офтальмологта тәртіпке сәйкес болуы тиіс дәрі-дәрмектер жоқ болып шықты. Біз қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алдық. Маған процедуралық бөлмеде иньекция жасау керек болатын. Бірақ, ондағы аурухана төсегінде бос орын жоқ болды. Егде жастағы екі медбике мені әкелген жас медбикеге: инені өз бөлмелеріңде салмайсыңдар ма, бізде не істеп жүрсіңдер деп ұрса кетті. Олар менің бұл әңгіменің бәрін естіп тұрғаныма мүлде мән бермеді»,-дейді кәсіпкер.

Медбикелердің қарсылығынан кейін, қараушы дәрігер кәсіпкерді окулисттің бөлмесін ертіп келіп көзіне инъекция және басқа вирусты инъекция салған. Сөйтсе, кезекші дәрігерде де рентген апараты жоқ екен. Аурухананың қызметіне көңілі толмаған Қайрат Құдайберген осылайша, ауыр жарақат алған төтенше жағдайда көзіңізден айырылуыз мүмкін дейді.

Ауруханадан алғашқы көмек алған кәсіпкер, үйіне келгеннен кейін де көзінің дұрыс көрмейтінін айтты.

«Келесі күні ағамның «Көзді қорғаудың халықаралық орталығына» бардым. Олар көздің толық сараптамасын жүргізді. Дәрігерлер «4 дәрежелі көз алмасының зақымдануы» деген диагноз қайды. Өкінішке орай, бұл ең ауыр диагноз болып табылады. Содан кейін олар көздің қысымын өлшеді. Ол тас сияқты қатып талған. Содан бас ауырып, жүрек айныды. Қан тамырларының жарылып кетуіне байланысты көзім қанталап кетті. Ұзақ процедулардан кейін көзім жақсы көре бастады. Мен тіпті смартфонымдағы суреттерді де көрдім. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Басқа процедурадан кейін, көзім қайтадан нашар көре бастады. Дәрігер оны көз алмасындағы қанның жуылуы байланысты деп түсіндірді»,-дейді Қайрат Құдайберген.

Ағасының ауруханасында тиісті ем алғаннан кейін кәсіпкердің көзі біршама жақсы көре бастаған. Бірақ оған айналасындағылар тек бұлыңғыр болып қана көрінеді екен. Көзінен айырылып қала жаздаған мәслихат депутаты әлі күнге дейін өзіне келе алмай отыр.

Абайсызда көзіне зақым келтіріп алған Қайрат Құдайберген кез-келген жағдайда қауіпсіздік техникасын қадағалаңыздар деп, кеңес берді.

Сондай-ақ, ол қанша ақшаң болса да денсаулықты сатып ала алмайсыздар деп, өзін мысалға келтірді.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады (видео)

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

Ернар Айдар хит әнін арбаға таңылған қыздармен бірге шырқап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Бір қайнауың кем болды: Жанар Айжанова Ернар Айдарды “фонограммаға мініп алған” деп айыптады

 

Талқылау