Мәскеудің Еуропада жаңа әскери операцияға дайындалып жатқанына дәлелдер бар – Зеленский
Фото: The Presidential Office of Ukraine
Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлау деректері бойынша Ресей Еуропада жаңа әскери операциялар дайындап жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Біз Ресей басшылығының интеллектуалдық тұрғыда құлдырап бара жатқанын байқап отырмыз және олардың Еуропа аумағында жаңа әскери операцияларға дайындалып жатқанын дәлелдейтін деректер бар", – деді Зеленский Украина Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Будановтың баяндамасынан кейін.
Зеленский сондай-ақ санкциялардың Ресей экономикасына едәуір зиян келтіріп жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл – халықаралық қысымды күшейту стратегиясының дұрыстығын дәлелдейді.
Украина басшысы Киевтің барлау арқылы алынған деректер туралы серіктестеріне хабар беріп отыратынын айтып, қазір Ұлыбритания және Еуропалық одақпен Еуропаның қорғанысын нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдер дайындалып жатқанын атап өтті.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
