Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы теракт бойынша 15 адам өмір бойына сотталды

Мәскеу маңындағы Крокус Сити Холлдағы теракты ісі бойынша төрт адам өмір бойына сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, Тәжікстанда туған Шамсидин Фаридуни, Далерджон Мирзоев, Мухаммадсобир Файзов және Саидокрами Рачабализода радикалды террористік ұйым мүшелері болған. Сот оларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сонымен қатар олардың сыбайластары Шахромджон Гадоев, Зубайдулло Исмоилов, Хусейн Хамидов, Мухаммад Шарипзода, Якубджони Юсуфзода, Назримад Лутфуллои, Джумахон Курбонов, Хусен Медов, Джабраил Аушев, Умеджон және Мустаким Солиев те өмір бойына сотталды.
Крокустағы теракт бойынша 1700 адам жәбірленуші деп танылды
Қырғызстанда туған Әлішер Қасымов террористерге пәтер жалға бергені үшін 22,5 жылға сотталды. Ал оның әкесі Исроил мен ағасы Аминчон террористердің жүруі үшін Renault көлігін бергені үшін 19 жыл 11 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы 22 наурызда Мәскеудегі “Крокус Сити Холлға” концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранғаны туралы жазған едік. Шабуыл салдарынан 145 адам қаза тапты, 550-ден астам адам жарақат алған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған