Мәскеудегі "Крокус Сити холлда" қаза тапқандар саны 152-ге жетті
Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес "Крокус Сити холлдағы" теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.
- Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған.
- 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған.
- Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған.
- 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы