Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа қастандық жасалғаны анықталды – БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдары Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа қастандық жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Генерал СВР" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: dailysabah.com

Британдық ақпарат құралдарының мәліметінше, желтоқсанның соңында Мәскеуде Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадқа қастандық жасалды.

Асад күзетшілерге өзін нашар сезініп, тыныс алуы қиындағанына шағымданып, медициналық көмек шақыруды өтінген. Содан кейін бірден қатты жөтел басталып, тұншыққан. Оған су берілгенімен, тыныс алу жүйесі қалпына келмеген.   



"Башар Асадтың жағдайы туралы дереу Ресей басшылығының өкілдеріне хабарланды. Дәрігерлер Асадқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда, Сирияның бұрынғы басшысын "үйде" емдеу туралы бұйрық түсті. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін дәрігерлерге қосымша күш келіп, Асадтың пәтерінде емдеу бөлімі құрылды. Дәрігерлердің айтуынша, Башар Асадтың жағдайы тұрақты", – делінген британдық БАҚ хабарламасында. 

Сирияның бұрынғы президентінен алынған сынақтар оның денесінде улы заттың әсер ету іздерін көрсеткен. Ресми ресейлік құрылымдар бұл ақпаратқа түсініктеме бермепті. 

Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. 

8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады. Алайда сол кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігі Асадтың қай жерде екені туралы ешқандай мәлімет бермеген. Кейінірек ресейлік БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Асадқа және оның жақындарына "гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып" баспана бергенін хабарлады.

Талқылау