Мәскеуде қосыла алмаған музыкант ғашықтар өз-өздеріне қол жұмсады
Мәскеудің солтүстік-шығысында қайғылы оқиға орын алды. Бір-біріне қосыла алмаған жұп екі күн айырмашылықпен өз өмірлеріне қол сұқты.
35 жастағы симфониялық оркестрдің музыканты Костромадан қайтып бара жатқан жолда сүйіктісіне хабарлама жіберген. Онда Михаил Ж. 26 жастағы Василисадан кешірім сұрап, оны тастап баратынын мәлімдеген. Арада бірнеше сағаттан кейін Мәскеуге оралған жігіт 17-қабаттан секіріп кетті. Оның мүрдесі ғимараттың маңынан табылды. Ер адам оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмған, деп хабарлады Лайф.
Араға екі күн салып сүйіктісінен айырылған Василиса өз анасына мынадай хабарлама жазған: «Мен оған кетіп барамын, өте бақыттымын, мені кешіріңдер».
Бойжеткен жамылғысының астына көйлек пен шұлық тығып, өзінің жерлеу рәсіміне алдын ала әзірленген. Өзі Михаилдің киімін киіп алған.
Көзі тірі кезінде бойжеткен үнемі: «Оның кеудешесін киіп алған кезде ол мені құшақтап тұрғандай сезінемін», – деп айтады екен.
Қайғылы оқиға болған күні ол сүйіктісінің суреттерін шығарып алып, оның анасына апарып береді. Одан кейін Василиса 17-қабатқа көтеріліп, сүйіктісі құлап кеткен терезеден секіреді. Ол да Михаил секілді оқиға орнында қаза табады.
«Михаил үнемі Василисаның оның жүрегінің жартысы екенін айтатын. «Біздей ғашықтар жер әлемде жоқ» деуші еді. Бірақ Михаилді әйелі жібермегендіктен екеуі бірге бола алмады», – дейді марқұмның туыстары.
Михаилдің ата-анасы Василисаны өз үйінен көргенде оның суицидке баратынын тіпті ойламаған. Қайғылы оқиға туралы олар көршілері шу шығарып, полиция келгеннен кейін ғана хабардар болған.
Павл Коган басқаратын Мәскеу мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінде аталмыш оқиғаны растады.
«Иә, екеуі де біздің қызметкеріміз. Көз жұмғандарын білеміз, алайда оқиғаның жай жапсарынан хабарымыз жоқ», – деп хабарлады мекемеде.
Жіберіп алмаңыз:
Сауд Арабиясында террорлық әрекет жасамақ болған 5 қазақстандық студент ұсталды
Трамптың сайтынан АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатыны туралы тармақ жоғалып кетті
Барак Обама қызметтен кеткен соң такси жүргізетінін айтты
Мәскеуде ер адам бұзылған көлігін көтерем деп басы қысылып көз жұмды (фото)