Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)
9-сәуірге қараған түні Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, салдарынан 50 адам зардап шекті.
russian.rt.com хабарлауынша, Мәскеу-Брест бағытындағы жолаушылар пойызы қала маңы электрлі пойызымен соқтығысқан. Электр пойызының машинисі теміржолдан жүгіріп өткен адамды басып кетпеу үшін шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болған.
Соңғы деректерге сәйкес, апат кезінде 50 адам зардап шеккен. Абырой болғанда олардың барлығы дене жарақаттарын ғана алған. 21 адам ауруханаға жатқызылған.
ТАСС-тың хабарлауынша, зардап шеккендер арасында Ресеймен қатар шетелдік азаматтар да бар.
Жіберіп алмаңыз:
Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды
Twitter компаниясы АҚШ билігін сотқа берді
Дәрігерлер толғағы қысқан әйелді босандыра алмай сәбидің басын кесіп тастаған
“Алып шаһардағы секс” фильмінің актрисасы БҰҰ-ның елшісі атанды
Талқылау