Мәскеу облысының бұрынғы сауда министрі сүйіктісіне балтамен шабуыл жасады деген күдікке ілінді
Фото: facebook.com/Mikhail.Khubutiya
Мәскеу облысының бұрынғы сауда министрі Михаил Хубутия сүйіктісі Юлия Ванға балтамен шабуыл жасаған. Бұл жөнінде Ванның өзі мәлімдеді. Шабуылдан кейін жәбірленуші көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды, бөлме қан-жоса болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 сәуір түнге қарай бизнесмен Одинцовский ауданы Трехгорка ауылындағы бұрынғы сүйіктісі әрі Van Tea шай үйінің иесі Юлия Ванның үйіне басып кіріп, оған шабуыл жасаған, деп жазды Mash телеграм арнасы. Бұл жайтты полицияға және Ванның туыстарына бала күтушісі хабарлаған. Ал Baza телеграм арнасының жазуынша, шабуыл кезінде күтуші ешқандай дауыс естімеген, Хубутияны да көрмеген. Юлия Ванның өзінің айтуынша, оған бизнесмен балтамен тап берген.
Полиция оқиға орнына жеткенде Хубутия ізін суытып үлгерген, ал Юлия ес-түссіз жатқан.
Михаил Хубутия мен Юлия Ван 2024 жылдың желтоқсан айына дейін кездескен. Юлия кәсіпкерді тастап кеткен соң, ол баланы тартып алып, өзін психиатриялық ауруханаға жатқызамын деп қорқыта бастаған деседі. Хубутия мен Ванның ортақ қызы бар.
Фото: instagram.com/juliavan29
РЕН TВ арнасына берген сұхбатында Хубутия өзіне тағылған айыптарды "бос сөз" деп атап, Мәскеуде емес екенін айтқан.
Оқиға алдында Юлия Ван Fashion People Awards шарасында бой көрсеткен.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
