Маск Трамптың инаугурациясынан кейін жасаған нацистік қимылын түсіндірді (видео)
Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін жасаған нацистік қимылына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Matt Rourke/AP
Маск Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында демократиялық партияға қарсы тиімдірек лас амалдар қажет екенін айтты.
"Ашығын айтқанда, демократтарға тиімдірек лас амалдар керек. Олардың "бәрің де Гитлерсіңдер" деген айыптауы көпшілікті шаршатты", – деді миллиардер.
Маск өзінің ескі жазбасын көрсетіп, бұрын демократтарға дауыс бергенін мәлімдеді. Ол кезде демократтардың "мейірімді болып көрінгенін, алайда қазір өшпенділік пен алауыздық партиясына айналғанын" жеткізді. Сол себепті де қазір республикашыларды қолдайтынын айтты.
Соңында ол Демократиялық партияға қарсы "әртүрлі лас айла-амалдарды" қолданып, қарсы науқан бастайтынын хабарлады.
Илон Масктың Трамптың инаугурациясынан кейінгі әдеттен тыс әрекеті қызу талқыға түсті. Ол Ақүйдің жаңа басшысын қолдайтынын дауыстап айтып, сахнаны айналып өтті. Сондай-ақ қолын бұлғап, мемлекет басшысының көрші планетаға америкалық астронавтарды жіберу жоспарына түсініктеме берді. Содан кейін ол нацистік сәлемдесу арқылы қолын көтерді.
Алайда оның сөзін таратқан CNN бұл фрагментті федералды хабардан үзіп тастады.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен еді. 20 қаңтарда инаугурация өткен.
Инаугурацияға өз орындарын алу үшін атақты адамдар, әлемдік көшбасшылар мен әлемнің ең бай адамдары келген. Олардың қатарында Аргентина президенті Хавьер Майли, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон бар. Қонақтар арасында 2016 жылғы сайлауда Трамптың басты қарсыласы атанған Билл мен Хиллари Клинтон да бар.