Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Машина бермесек те, сөмке берейік": Ерке Есмахан қазақ футболшыларына қандай сыйлық беретінін көрсетті

Фото: Stan.kz

Танымал әнші Ерке Есмахан қазақ футболшыларына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Қайрат” пен “Реал-Мадрид” матчын тарихи күнге бағалады. 

“Керемет кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Қазақ жігіттерімен футбол ойнауға Алматы стадионына Реал мадридтің өзі келе жатыр. Тарихи күн, отандастар! Ертең жұдырықтай жұмылып, “Қайратқа” қолдау білдірейік”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ қоғамда қызу талқыға түскен “Реал Мадрид” футболшыларының бренд образына қатысты да ойын айтты. 

"Түнде қолдарына бір-бір емес, екі-екіден Луи Витон ұстаған жігіттер Алматыға келіп қалыпты. Бренд деген тек қымбат зат емес, мың жылдық тарихы бар дүние. Мұндай заттарға еңбектеніп қол жеткізіп, мақтанышпен ұстап жүрудің өзі – статус. Мысалы, мына миллионер футболистер сияқты. Мұны сіздерге тек мотивация болсын деп айтып жатырмын. Бұл әңгімем адами, рухани, имани құндылықтарымызға қатысы жоқ. Сөзімді тереңірек түсінсеңіздер. Бренд кимейтін, бриллиант тақпайтын адамға "қарапайым" деп баға бермеңіздер. Керісінше, ақшасы көп, брендке малынып жүретін адамдар тіпті қарапайым не қайырымды болатынына көзіміз жетіп жүр. Әр қазақ бақытты және бай болуға міндетті. Ал біздің футболшыларымызға үйдегі Раймның брендтерін бере аламын", – деп жазды ол.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы тарихи кездесу 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы "Қайрат" – "Реал" ойынына 4 мың шетелдік жанкүйерді қабылдайтынын жазғанбыз.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 09:51
Талқылау