"Мәселені омыртқаммен сезіндім": Вице-премьер Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы айтты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстандағы жолдардың сапасына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер Батыс Қазақстандағы жолдардың жағдайына тоқталды.
"Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар өте нашар. Су тасқынына байланысты біраз жерді араладым. Жарты жыл уақытымды батыста өткіздім. Мәселені омыртқаммен сезіндім деуге болады", – деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, бұл өңірде жергілікті де, республикалық маңызы бар жолдарға да барынша қаржы бөлу қажет.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"