Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мас жолаушының кесірінен Анталия-Шымкент ұшағы Ақтауға қонуға мәжбүр болды

Анталия – Шымкент бағытындағы ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болды, деп жазады “Лада” басылымы.

анталия шымкент 2608

Оқиға 24 тамыз күні болды. Ұшақ командирі борттағы жолаушы дөрекі қылық көрсеткені үшін Ақтауда қонуға шешім қабылдады.

“Екі жолаушы арасында жанжал туындады. Жанжалқой өзін дөрекі ұстап, айқайлады, бортсеріктің талаптарын орындамады. Аталған дерек бойынша материалдар жиналып, Ақтау әкімшілік соты оны қамауға алу туралы қаулы шығарды”, — деді Ақтау ішкі істері желілік бөлімінің бастығы Серікқали Күжиев.

Сараптама жолаушының аздап мас болғанын анықтады.

Ережелерді сақтамай, қолайсыздық келтіргені үшін жолаушыға 10 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Басылымның хабарлауынша, жолаушы уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар күзден бастап Араб Әмірлігіне визасыз бара алады

1 ай бұрын жоғалып кеткен семейлік қыз Алматыдан табылды

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

Әйелін 22 жерінен пышақтап өлтірген азамат сот залында жылап жіберді

 

Талқылау