Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Бақытжан Базарбек мас күйде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғандарға рақымшылық жасауға қарсы шықты

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Депутат Бақытжан Базарбек мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға рақымшылық қолданыла ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, мұндай жүргізушілердің бір бөлігі өзін “жәбірленуші тарап” ретінде көрсеткісі келеді. Алайда жолдағы қауіпсіздік мәселесін естен шығаруға болмайды.


Конституцияның 30 жылдығына рақымшылық: Қазақстанда 2 мыңнан астам сотталғандар бостандыққа шықты


15 миллион теңгеге бүйрегін сатпақ болған қарағандылық рақымшылыққа ілікті


“Әкімшілік амнистия аясында жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қатысты мәселе қарала ма, нақты айта алмаймын. Бірақ мен оған қарсымын”, – деді депутат.

Ол бұл азаматтардың мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланғанын және олардың мұндай әрекетті қайта жасамайтынына еш кепілдік жоқ екенін айтты. Сонымен қатар депутат бұл мәселе бойынша әзірге түпкілікті шешім қабылданбағанын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жарияланатынын айтқан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 20 Наурыз, 2026 11:47