"Мас болып көлік айдағаны үшін сынға ұшырап, мансабынан айырылды": 24 жастағы танымал актриса өз-өзіне қол жұмсады
Оңтүстік кореялық 24 жастағы актриса Ким Сэ-Рон қоғамдық буллингтен кейін өз-өзіне қол жұмсады. Оның қайғылы өлімі әлемдік БАҚ-та қызу талқыға түсуде. Себебі Сэ-Рон мас күйінде көлікке отырып, трансформаторға соқтығысқаннан кейін қоғамның жаппай сынына ұшырап, мансабы күйрей бастаған болатын. Отбасының жалғыз асыраушысы болған ару тіпті кейін кафеде жұмыс істеп, актерлықтан сабақ берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тhevoicemag порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ким Сэ-Ронның әлеуметтік желісінен
Актрисаның жұлдызды өмірі 2022 жылдың 18 мамырында түбегейлі өзгерген. Ол сол күні таңғы сағат сегізде мас күйінде көлік жүргізіп, трансформаторға соғылған. Апат салдарынан 57 дүкен бірнеше сағат бойы электр қуатынсыз қалды.
Заң бұзушылық үшін актриса 15 мың доллар (7 миллион теңгеден аса) төлеуге мәжбүр болды. Процесс барысында Ким апаттан кейін алкогольден мүлдем бас тартқанын айтып баршадан кешірім сұрады.
“Отбасымның жалғыз асыраушысымын”: Кафеде жұмыс істеп, сабақ берген
"Бұл енді ешқашан қайталанбайды. Кешіріңіздер. Мен өз іс-әрекеттеріме өкінемін. Ішімдікті қойып, көлігімді саттым. Мен отбасымның жалғыз асыраушысымын. Сондықтан күн көрісіміз қиын. Өтінемін мені аяңыздар", - деді ол.
Кейін актрисаның агенттігі онымен келісімшартты жойып, істегені үшін 700 миллион вон қаражат талап еткен. Алайда Ким Сэ-Ронда мұндай ақша болмаған. Ол саладан мүлде жоғалып, тіпті кафеге жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар актерлік шеберліктен сабақ берген. Кейін актриса Кореядағы танымал актерлердің бірі Ким Су Хенмен бірге түскен суретін жариялайды. Алайда актердің агенттігі олардың қарым-қатынасын жоққа шығарып, “Ким Сэ-Ронның не ойлағанын білмейміз” деп жауап береді. Бұл жағдай қоғам тарапынан актрисаға деген сенімсіздікті арттырды.
Фото: Ким Сэ-Ронның әлеуметтік желісінен
Тағы бір дереккөздерде Ким Сэ-Ронның құрбысымен бірлесіп кәсіп ашуға тырысқаны да айтылған. Алайда тағы да көпшіліктің жепкөрінішінен бұл мақсаты орындалмаған.
БАҚ көздеріндегі ақпаратқа сәйкес, күйзелістегі актриса соңғы рет 16 ақпан күні өзін жайсыз сезініп ауруханаға түскен. Алайда онда жатқысы келмей, үйіне оралған. Кейін бұрын кездесуге келісіп қойған оның әріптесі Сэ-Ронның жансыз денесін тапқан.
Фото: Ким Сэ-Ронның әлеуметтік желісінен
“YouTube блогері өмірінің соңына дейін қысым жасады”
24 жастағы актрисаның жаназасы қайғы-қасірет сәті интернеттегі буллинг мәселесін қозғауға да себеп болды. Жерлеу рәсіміне қатысқан кореялық суицидтің алдын алу қауымдастығының директоры Квон Ён Чан актрисаның әкесі Ким Ён Унның сөздерімен бөлісті.
"Мен оның әкесімен көп сөйлестім. Ол қызының бір YouTube блогерінің өзі туралы айтқандарына байланысты үлкен эмоционалды қысымға ұшырағанын жеткізді", - деді Квон Али Чан.
Марқұмның әкесінің айтуынша, А есімді блогер актриса туралы түрлі видеолар жариялап отырған. Ол Ким Сэ-Ронның әр постқа салған суреттерін жариялап, ол туралы түрлі қауесеттер таратқан. Оның қаржылық қиындыққа тап болғанын, актрисаның осы уақытқа дейін неліктен қаражат жинап үлгермегенін айтып, оны құдды лудоманға ұқсатқан. Бұл қауесеттер отқа май құйып, желідегі сынды күшейтті.
Фото: Ким Сэ-Ронның әлеуметтік желісінен
"Бұл олар үшін қаралым болса да, бір адамның өмірін бұзды. Барлығы қателеседі. Бірақ Ким Се-рон әрі қарай жүруге тырысты. Блогердің әрекеттері басқа YouTube арналары мен пайдаланушылардың қосылған сынның жаңа толқынын тудырды.
Танымал адамдар да адам. Қоғам оларға жаңа өмір сүруіне мүмкіндік беруі керек", — деп қосты әкесі.
Марқұмның отбасы қазір актриса туралы түрлі контент жасаған блогерлерге қарсы арыз жазғанын жеткізді. Енді олар тергелетін болады.
Марқұмның анасы БАҚ өкілдерінен қызының қазанына қатыспауын талап етті. Айтуынша, онсыз да өмірінің соңын қайғыра өткізген қызының соңғы сапары тыныш болғанын қалаған.
Ким се-Ронмен қоштасу 18 ақпанда, ал аза тұту рәсімі 19 ақпанда өтеді. Ким Се-Рон отбасында үш қыздың үлкені болды.
Марқұмның жақын достары мен саладағы әріптестері отбасына көңіл айтты.