Маржан Арапбаеваның кезекті образы тыңдармандарын шошытты
Маржан Арапбаева өзінің зор дауысты, кең диапазонды әнші ғана емес, үй шаруасына да мығым келін екенін көрсетті. Ол кешкі асқа әзірлеген тағамдарын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Артынша әнші жаңа образдағы суретін жариялап: «Кім мен пісірген бәлішті жамандады, а?!» – деп қалжыңдады.
Тыңдармандары әншінің бұл сөзіне күліп алды. Алайда кейбір желі оқырмандары жаңа образының әншіге мүлдем жараспайтынын айтып сынаған.
«Расымен түріңіз біртүрлі боп тұр», «Маған ұнайсыз, бірақ мына жерде қорқынышты екенсіз», «Қорқытпаңызшы», «Сізге қарапайым боянған жарасады», – дейді олар.
Алайда сахналық образына түсіністікпен қарап, Арапбаеваны жақтағандар да көп болды.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылған карикатура авторын сотқа бермек
Жазира Байырбекова той салонын ашпақ (фото)
Жәния Джуринская Криштиану Роналдудың өзіне қызмет көрсеткенін айтып мақтанды (фото)
Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)