Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаеваның қолдан пісірген наны көпшілікті сүйсінтті

Көпшіліктің эстрада бикештерін ақ саусақ санайтыны жасырын емес. Иә, олар үнемі гастролде жүреді, той-томалақтары бар, оған толассыз түсірілімдер мен концерттерді қосыңыз. Әрине, күндіз түсірілімде, кешке тойда жүретін әншінің үй шаруасына қолы тие бермейді. Сол себепті де олардың көпшілігі үй қызметшісін жалдайды.

маржан нан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Десе де, бар шаруаны өзі атқарып, өнерді де келіндік міндетті де қатар алып жүретін жұлдыздар баршылық. Мәселен, күні кеше Маржан Арапбаева қолдан нан пісіріп, көпшілікті қайран қалдырды. Әнші нанды дайындау әдісімен бөлісті.

«Үйдегілерге ыстық нан пісірдім, өте дәмді болып шықты. Әсіресе қолдың сары майымен керемет. Мен кішкентай ғана бөлігін жеп көрдім (диетаны бұзып), өте дәмді. Дайындау әдісі оңай: жылы суға ашытқы, тұз, сұйық май, кішкене ғана қант қосып, соған ұн салып, қатты жұмсақ қылмай қаттылау қылып иледім. Нан ашып, көтерілген соң жайпақ қаңылтыр табаға салып, пішінін сопақ қылып, пышақпен кесіп шықтым. Бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, күнжіт дәнегін сеуіп жіберуге болады. Сөйтіп пеште 180 градуста пісірдім, тез піседі. Ас дәмді болсын!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

“Жарайсың, пысық, әншілеріміз осындай жан-жақты болсын”, “Наубайшы пісірген наннан еш айырмашылығы жоқ, керемет”, “Түрі өте әдемі”, “Қолынан мынадай нан пісіру келсе онда пысық келіншек екен”, – дейді тамсанған желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш сайыстың екінші кезеңінде орындайтын әннің видеосы пайда болды (видео)

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Қарақат Әбілдина пен Айнұр Тұрсынбаеваның балалары бірге ме? (фото)

Жұрт ескі суреттегі Ләйлә Сұлтанқызын танымай қалды (фото)

 

Талқылау