Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұмдар бейнесі: Өскемендегі сауда орталығының едені жұрттың үрейін ұшырды

Өскемен қаласында сауда үйлерінің бірінің еденін құлпытастан құрастырған. Құлпытастардан о дүниелік болған адамдардың бейнесін көруге болады. Шошынған жұрт ғимаратқа бас сұғуға қорқатын болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

оскемен

Сауда үйінің әкімшісі орталық ашылғанға дейін марқұмдар бейнесінің үстімен жүргенін байқамағанын айтады. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан еденнің беті шаң-тозаң болып, ештеңе аңғармаған.

Ашылу салтанаты алдында еденді жуған кезде шалқасынан түсе жаздапты. Төселген гранит тастың құлпытас екенін, марқұмдардың суреті мен дініне қарай ойып жазылатын бедерлі суреттерден білген.

Енді сауда үйінің иесі құрылысшылардан жұртты шошытқан   тастарды қайтадан өңдеп, бояп тастауды талап етпекші. Өйткені ол ескерткіш тастардың жарамсыз  қалдықтары екен. Құрылысқа пайдалануға ғимарат иесі оны шеберханадан сатып алған.

Зират басына қайтыс болған адамның суретін қоюға бола ма?

"10 жылдай болған қалдықтар қоқыс болып үйіліп қалған. Үлкен құрылыс нысанын саламыз деп түгел артып алып кетті. Еденді салған басқа компания екен. Олар еденге қолданарда іріктеп, сұрыптауы  керек еді", - дейді шеберхана директоры Владимир Козырев.

Талқылау