Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру үшін жаңа арыз жазды
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіріп алу және моральдық шығын өтеу жөнінде азаматтық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азаматтық іске даудың нысанасы бойынша өз бетінше талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде марқұм Салтанаттың ата-анасы Амангелді және Жұмағұл Нүкеновтер тартылды.
Сот отырысы 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-ге тағайындалды.
Еске салайық, Салтанат Нүкенова 2023 жылы 9 қарашада айуандықпен өлтірілген еді. Биыл мамыр айында бұрынғы ұлттық экономика министрі әйелін "Аса жауыздықпен" өлтіріп, азаптағаны үшін 24 жылға сотталған еді. 26 маусымда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. Шілде айында Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторынан жазасын өтейтін түрмеге ауыстырылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"