Марқұм Градский Әлішердің өнерін жоғары бағалады. Кәрімов "Голос" шоуының келесі кезеңіне өтті (видео)
Қазақстандық Әлішер Кәрімов ресейлік "Голос" шоуының төртінші кезеңіне өтті. "Жарға жығу" кезеңінде "ВИА Цветы" тобының "Звездочка моя ясная" әнін шырқады. Түсірілім кезінде көзі тірі болған Александр Градский отандасымызды келесі кезеңге өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, жобаның екінші "Жекпе-жек" кезеңінде Әлішер Полина Клинникова есімді әншімен шыққан болатын. Тәлімгерлер қос әншінің өнеріне жоғары баға беріп, дуэттің өте сәтті шыққанын айтқан.
Бұл кезеңнен сәтті өткен Әлішер үшінші бөлімде де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алайда тәлімгерлердің бірі Пелагея Әлішердің биін түсінбегенін айтып, сынға алды.
Есесіне Кәрімовтің тәлімгері, марқұм Александр Градский отандасымыздың өнерін жоғары бағалап, келесі кезеңге өткізді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді