Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марк Цукерберг декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді

Әлемдегі ең танымал Facebook әлеуметтік желісін құрған Марк Цукерберг екінші сәбиі дүниеге келгеннен кейін декреттік демалысқа кететінін мәлімдеді.

454-292-Mark_Zuckerberg_and_Priscilla_Chan_2015

“Жақында біздің қызымыз дүниеге келеді, сол кезде екі айға декреттік демалысқа шықсам деймін. Мен келгенге дейін, кеңсеміз өз орнында тұрады деп сенемін», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Цукерберг қызы дүниеге келген кезде бір ай, содан кейін желтоқсан айында бір ай демалмақ.

“Facebook-те біз ата-аналарға төрт айлық демалыс береміз, себебі зерттеуге сәйкес, жұмыс істейтін ата-анасы баласына көңіл бөлсе, ол отбасы үшін жақсы», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Марк 2012 жылы Присцилла Чанмен шаңырақ көтерген болатын. Жұбайлардың 2015 жылы туған Максима есімді қызы бар.

Талқылау