Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары сенат депутаты болып тағайындалды
Парламенті сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қызметінен босатылып, орнына Марат Қожаев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл өзгерісті Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Марат Шәдетханұлы Қожаев парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Марат Қожаев бұған дейін Ішкі істер бөлімінде түрлі қызмет атқарған.
2019 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды.
Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, II дәрежелі "Айбын" (2013) орденімен және 7 медальмен марапатталған.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы