Президент армиядағы мәселелер туралы: Жеке телефоным арқылы тапсырмалар мен ескертулер жіберемін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында армиядағы және балалармен байланысты қайғылы оқиғалар туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы балаларға қатысты әрбір трагедия жүрегіне ауыр тиетінін айтты.
"Мен мұндай жағдайларға мемлекеттік органдардың назарын бірден аударып, тиісті тапсырмалар беремін және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстаймын. Бұл жағдай әскердегі қайғылы оқиғаларға да қатысты. Барлық министрге тиісті тапсырмалар берілді. Мен бірден, тіпті қызметтік телефондарды қолданбай-ақ, "смартфондар" арқылы тапсырмалар беріп, сәйкесінше ескертулер жасаймын", – деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев сарбаздардың "отбасылық жағдайға байланысты" өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты. Ведомство әскерилер өлімінің 90 пайызы әскери қызметке мүлдем қатысы жоқ деген мәлімдеме жасады.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген