Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: primeminister.kz

Алаяқтық жасалды деп айыпталған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әділеттің бұрынғы министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Оған қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелді", – деп хабарлады Антикор.


3 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісі сотқа берілді


Антикор ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді


Еске салайық, бұған дейін Марат Бекетаев 2023 жылдың қазанында қамауға алынған еді. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың мәліметінше, бұл істердің "Құпия" грифі бар, өйткені төрелік істер болып жатыр. Миллиондаған доллар сыртқа кетіп, тиісті жұмсалмағандықтан, мемлекетке зиян келгендіктен, бұл іс тергелді деді Сарқұлов.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 17:22
Талқылау