Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маньяктар туралы кітап оқып алған оқушы қыз 40 адамды пышақтап өлтіруді жоспарлаған

Екатеринбургте естіген адамды елең еткізетін төтенше оқиға орын ала жаздады. Мектеп оқушысы дәретханада сыныптас қызды пышақтап тастай жаздаған.

4444

Бұл туралы “Комсомольская правда” жазады.

Абырой болғанда, пышақ өткір болмай шыққан. Мұғалімдерінің айтуынша, 5-сыныпқа дейін Вероника тес беске оқып, мұғалімдердің жақсы көретін шәкірті болған. Оның анасы жергілікті дәріханалардың бірінде басшылық қызмет атқарған.

Бастауыш мектепті тәмамдағаннан кейін анасы әжесімен бірге қызды алып Пятигорскке көшіп, сол жақта бір жыл оқиды. Туған қаласына қайтып келгеннен кейін мектебі сүйікті шәкірттерін қуана қабылдайды, бірақ ол тым қатты өзгеріп кеткен еді. Үнемі ойға бататын Верониканың сабақ үлгерімі де нашарлай бастаған. Бұрын каратемен айналысса, кейін оны да тастап кетеді.

Жақында сегізінші сынып оқушысы бір аптаға жоғалып кетеді. Ал қайтып орала салысымен сыныптастарымен қанды төбелес жасаған. Ол қоңырау кезінде екі сыныптас қызымен бірге дәретханаға кірген. Ол жерде қыз психологиялық тәжірибе жүргізгісі келетінін айтып, бір қыздың сыртқа шыға тұруын сұраған. Ал сыныптас қызбен жалғыз қалған мезетте ол Полинаның ішіне қарай пышақ сілтейді. Алайда пышақ дұрыс бағытталмай, Полина еш жарақат алмайды. Бірақ, осыдан соң Вероника пышақты екінші рет Полинаның тамағына бағыттап, қан етеді. Осы кезде мұғалім шуды естіп, дәретханаға кіріп барған.

Күштік құрылым өкілдері қыздан мұндай қанды қадамға баруына не итермелегенін сұрайды. Ал оқушы қыздың жауабын естіген кезде полицейлердің өзі сілейіп тұрып қалған.

“Оқушы қыздың айтуынша, ол адам өлтіргіштер туралы сериялық кітаптарды оқып, солардың біріне айналғысы келеді. “Мен өлтіруге кірістім. Менде құрбандардың арнайы тізімі болды. Онда 40 адам бар, ал Полина солардың біріншісі”, – депті Вероника.

Қазір оқушы қыз психотерапевтің қарауында емделіп, препараттар қабылдап жатыр. Оны сабақтардан уақытша шеттеткен.

Ал зардап шегуші ауруханаға жатқызылыпты. Адам өлтіргіштерге есі кете еліктеген қыздың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау