Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансабында ешқашан жеңілмеген боксшы: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

БоксФото: Getty images

Супер орта салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионы Теренс Кроуфорд мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

38 жастағы боксшы қыркүйек айында мексикалық Сауль "Канело" Альваресті айқын басымдықпен жеңіп, супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын иеленген еді.

Кроуфорд бұл шешімін әлеуметтік желіде бейнеүндеу арқылы хабарлады.

"Әрбір боксшы бір күні бұл сәттің келетінін біледі. Бірақ оның қашан боларын ешқашан нақты білмейсің. Мен бүкіл өмірімде бір нәрсенің соңынан қудым. Белбеудің, ақшаның немесе атақтың емес. Тек бүкіл әлем сенен күмәнданған сәтте де қайта-қайта рингке шығып, бәрінің қателескенін дәлелдей беретін сол сезімнің артынан қудым. Бұл спорт маған бәрін берді. Мен отбасым үшін жұдырықтастым. Туған қалам үшін айқастым. Бір кездері қолында арман мен бір жұп қолғаптан басқа ештеңесі жоқ болған сол бала үшін күрестім. Өзімнің сара жолымды салдым. Бұл спортқа бар жан-тәнімді арнадым. Мен жарыстан кетемін. Себебі күресуден шаршағаным жоқ, керісінше басқа бір маңызды шайқаста жеңіске жеттім – өз шарттарыммен кету шайқасында. Бұл қоштасу емес, бұл бір жекпе-жектің аяқталып, екіншісінің басталуы ғана", – деді Теренс Кроуфорд.

Айта кетейік, ол бұған дейін WBC тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болған. Алайда осы айдың басында санкциялық жарнаға қатысты даудан кейін бұл атақтан айырылды.

Кроуфорд мансабында барлық 42 жекпе-жек өткізіп оның 31-де нокаутпен ұтқан. Ал Канело Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңгеннен. Осыдайн кейін ол мансабын WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде аяқтап отыр.

Теренс Кроуфорд кәсіпқой бокстағы жолын 2008 жылы бастап, аз уақыт ішінде әлемдік бокстың ең танымал жұлдыздарының біріне айналды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 13:10