Манкини киген “Брюгге” жанкүйерлері “Қайратпен” өткен матчта тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Чемпиондар лигасы аясында "Қайрат" пен бельгиялық "Брюгге" командалары арасында өткен матч кезінде тәртіп бұзған үш бельгиялық жанкүйер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.
Матчтан кейін әлеуметтік желілерде "Брюгге" жанкүйерлерінің Саша Барон Коэн сомдаған "Борат" кейіпкерінің костюміне ұқсас манкини киіп, стадион трибуналарында жүрген видеолары тарады.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар ұсталып, олардың ісі сотқа жолданған. Кейін сот отырысы өтіп, жанкүйерлерге қатысты шешім шығарылды.
"Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың бес тәулікке әкімшілік қамау туралы шешімі бар", – деп Санжар Әділов Сенатта өткен брифинг барысында.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бельгия азаматтары С., Д., Н. өз кінәсін толық мойындаған.
"2026 жылғы 20 қаңтарда азаматтар мас күйінде “Астана Арена” стадионының трибуналарында киімдерін шешіп, іш киіммен қалып, айғайлап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Аталған факт бейнежазбалармен дәлелденді", – делінген сот жауабында.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Сот шешімімен құқық бұзушылар 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, аталған оқиға қоғамда кең резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
“Қайрат” Чемпиондар лигамының үйдегі соңғы ойынында бельгиялық “Брюгге” командасын қабылдады. Айтуды матч 4:1 есебімен “Брюгге” командасының пайдасына аяқталды.
Енжі “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын 29 қаңтар “Арсеналға” қарсы өткізеді.
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары