“Маңыздысы — ақша емес, адамдарға көмектесе алу мүмкіндігі”: Астана тұрғыны лотереядан ұтып алған 5 миллион теңгесін қайырымдылыққа жұмсамақ
Астана тұрғыны Қайрым Жарыспен болған жағдай — адам басына кенеттен қонған бақ оқиғасы ғана емес, өмірде жомарттық пен мейірімділік шынайы құндылыққа айнала алатынын көрсететін, шабыт беретін мысал. Себебі Сәтті Жұлдыз лотереясынан ұтып алған 5 миллион теңге мұқтаж жандарға көмектесуге себеп болған сауапты іске айналған. Біз Қайрыммен сөйлесіп, басынан өткен бұл қуанышты жағдай жайлы толығырақ сұрадық.
Қайрым Жарыс үшін бұл жыл ерекше жыл болыпты. Жылдар бойғы еңбегі, сенімі мен қарапайым өмірінің есесіне тағдыр бір сәтте оған ерекше сый жасауды ұйғарғандай..
2012 жылдың 21 наурызында, Қайрым отбасымен бірге Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген екен. Содан бері ол Астанада тұрып, үш баласын тәрбиелеп, қарапайым адами құндылықтарды: адалдық, шүкіршілік және жақындарға қамқорлық сияқты қағидаларды сіңіріп өмір сүріп келген.
Қайрымның сөзінше, өмірін өзгерткен сол бір күні ол өз шаруаларымен қалада жүрген. Бірнеше кездесулер кейінге шегеріліп, ол "Сәтті Жұлдыз" лотерея билеттері сатылатын орынның қасынан өтіп бара жатады. Әдеттегідей үлкен үмітсіз, тек қызығушылықпен бір билет сатып алады.
Алайда дәл сол сәт күтпеген жаңа бетбұрыстың басы боларын кім білген?
Осылайша "3 Алмаз" лотереясының дәл сол билеті Қайрымға 5 миллион теңге ұтыс әкеліп, оның өмірінде жаңа тараудың басталуына себеп болды.
Бұл ұтысты Қайрым өзіне ғана бұйырған жеңіс деп емес, басқаларға пайда тигізу мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Ол ұтып алған соманы отбасына, ата-анасына және бауырларына бөліп беремін деп отыр, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесу үшін қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлап жатыр.
"Жақсы бір нақыл сөз бар: “Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі” — дейді ол.
Қайрым "Сәтті Жұлдыз" лотерея билеттерін сатып алуды жақында ғана бастағанын айтады. Соған қарамастан, әр жолы аз-маз көңілге жылу ұялататын ұтыстарға ие болып жүрген. Ал ең маңыздысы, бұл ұтыстардың бәрін қайырымдылыққа жұмсап отырған.
“Бастапқыда жай ғана тексеріп көргім келді. Бірақ бәрі Алланың қалауы екен. Әр ұтыстың артында бір мағына бар”, - дейді ол.
Қайрымның отбасы да бұл жаңалыққа бірден сене қойған жоқ. Ұтыс ресми түрде расталғаннан кейін ғана жұбайы мен балалары шын қуанып, құттықтай бастады. Жұбайы лотереяға қатысуға бастапқыда қарсы болған.
“Өзім де қатты беріліп қатысып жүрдім деп айта алмаймын. Кейде жолда кетіп бара жатып ала салатынмын. Осы жолы да солай болды. Мен әдетте интернет, теледидарда көп нәрсе уәде ететін жарнамаларға сене бермеймін. Алайда осы жолы бәрі басқаша болды. Тәуекел еттім, шүкір, бәрі оңынан шықты”, - дейді ол.
Қайрым Жарыс үшін бұл ұтыс жай ғана қаржылай табыс емес, жақсылық жасауға берілген мүмкіндік болды. Ол бұл сәттілікті игілікке бастар жол деп қабылдайды.
"Мен бұл соманы жақсы істерге бастайтын мүмкіндік деп қабылдадым. Қазақта жақсы бір сөз бар: “Ең үлкен сауап – отбасыңа қамқор болу”. Алла қаласа, ең алдымен отбасым мен ата-анама, бауырларыма көмектесемін. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жандарға да қол ұшын беремін. Лотерея деген — тағдыр сияқты: біреуге бұйырады, біреуге — жоқ. Маған бұйырғанының да мәнісі бар деп ойлаймын", — дейді ол.
Қайрым өзін жолы болғыш адам деп есептейді. Бұл ұтысты ерекше еткен жайт — оның дәл туған күніне, 24 маусымға тұспа-тұс келуі. Ол мұны Жаратқанның ерекше белгісі, сыйы деп қабылдайды.
“Өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Қандай жағдай болмасын шүкір айтамын. Бұл ұтыстың туған күнімде келуі — мен үшін береке. Маңыздысы — ақша емес, бастысы — жақындарыма көмектесе алу мүмкіндігі", — дейді ол.
Айта кетейік, ірі жүлдені ұтып алу мүмкіндігі кез келген кәмелет жасына толған азаматтарда бар. "Сәтті Жұлдыз" лотереясы тек ақшалай сыйлықтармен шектелмей, автокөлік секілді бағалы жүлделерді де тұрақты түрде ойнатады.
Келесі тираж 2025 жылдың 30 маусымында, сағат 22:00-де өтеді. Бұл — "LOTO 6/49" атты тираждық лотерея. Әр билеттегі сандар комбинациясы автоматты түрде кездейсоқ түрде қалыптасады.
Айта кетейік, лотерея операторының мәліметінше, қазақстандықтардың белсенді қатысуының арқасында "Сәтті Жұлдыз" лотереясы іске қосылған сәттен бастап жалпы ұтыс ретінде төленген сома 917,8 миллиард теңгеден асты.
Ұтыстардан бөлек, ұлттық лотерея әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да үлес қосып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат аударылса, "Sport Qory" қоры арқылы спорт пен дене шынықтыруды дамытуға 15 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
